Алматыда аяғы ауыр әйел сегізінші қабаттан секіріп өз-өзіне қол жұмсады

Оқиға «Alma City» тұрғын үй кешенінде болған


09/11/2022
14:05 25829 0

Қарашаның 9-ы күні «Alma City» тұрғын үй кешенінде 22 жастағы аяғы ауыр әйел сегізінші қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсады. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, әйел бұндай қадамға тұрмыстық жанжалдан кейін барған. 

 

Алматы қаласының полиция департаменті оқиға Наурызбай ауданының полиция басқармасында тіркелгенін мәлімдеді. «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. 

 

Былтыр қараша айында Жетісу ықшам ауданында 28 жастағы әйел үш баласын тоғызыншы қабаттан лақтырып, артынан өзі де секіріп қайтыс болған. 

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, Қазақстан суицид деңгейі жоғары бес елдің қатарына кіреді. 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

09/11/2022 14:05
25829 0

Уведомление